Мұражай көрмесі

2015-2016 оқу жылы мына көрмелерді көруге шақырамыз:
-Шығармашылық алуандығы
-Наурыз – бейбітшілік пен келісімнің ұлы мейрамы
-«Ғасыр заттары» - ӨПИ - ШҚМУ-дың ХХ ғасырдағы техникалық құрылғылары
- Отбасылық жәдігер – соғысты өткерген адамдар мен олардың туған-туысқандарының құжаттары, марапаттары, жеке заттарының көрмесі

Тарих мұражайы Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңыздың жеке көрмесін ұйымдастыруға шақырады! Сіздің кез-келген әуестігіңіз көрменің затына айналмақ. Сіз мүмкін сурет салып, шығармашылықтың сан түрін меңгерген шығарсыз, әлде модельдеу және  макет даярлаумен айналысатын боларсыз? Мүмкін коллекционер шығарсыз? Ендеше асығыңыз, Сіз туралы бүкіл университет, сіздің достарыңыз, туған-туыстарыңыз біліп, Сіз жайлы газетте жазатын болады!

Жеке көрмеге қатысу өтініштері  540-823 телефон номірі бойынша және бас оқу ғимараты, № 313 кабинетте қабылданады.