МҰРАЖАЙҒА ТАРИХИ ЕСТЕЛІК

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер!

Университетіміздің 60 жылдан астам тарихы бар. Қазіргі таңда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і ең беделді білім ордасы. Оқу орданызға, тарихына, бей-жай қарамайтын болсаңыз «Мұражайға тарихи естелік сыйы» атты акциясына қатысып, жоғары оқу орны тарихының орны бос парақтарының беттерін толтыруға шақырамыз. Мұражайдың басты құндылығы – алғаш институттың, кейіннен университеттің негізін қалаған адамдардың еңбегі. Біз университетпен есімі байланысты кез-келген адамды қуана қарсы аламыз. Сіз есіңізде білім берген ұстаздарды сақтаған жоғары оқу орнының түлегі боларсыз? Сіз естен кетпес шараларды ұйымдастырған шығарсыз? Немесе бірге оқыған құрбыларыңызбен хабарласып тұратын шығарсыз? Кез-келген зат, фотосурет, дәрістер, шығармашылық жұмыс мұражайға қызық және қажет,  университет тарихының беттерін толықтырады.

 «Мұражайға тарихи естелік сыйы» акциясы 

 Бұл іс-шара жыл сайын мұражайда Сәрсен Аманжоловтың туған күніне орай Сыйға тарту күнін өткізеді!

Әркім мұражайға қызықты фотосуретін, жоғары оқу орнының тарихына қатысты заттарды, өзінің жеке шығармашылық туындыларын – мамандыққа қатысты немесе өзі әуестенетін суреттерді, панно, өлеңдерді әкеліп тапсыра алады. Сіздің атыңыз тарихта.


                              

                                Шыңғыс ханның пайзасы Моңғолия елшісінің сыйлығы                       

   

«Психология ошағы»
   Психология-педагогика факультеті студенттерінің сыйлығы

                              

Add comment


Security code
Refresh