АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ МӘЛІМЕТТЕРІ

 

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ МӘЛІМЕТТЕРІ

 

Копии фигурок, найденных в Чиликтинском кургане

Макет Берельской лошади
      1960 жылы Шілікті қорғанынан табылған заттардың көшірмесі Берел жылқысының макеті

 


1960 жылы т.ғ.д. С.С. Черниковтың басшылығымен біздің ғалымдарымыз,студенттеріміз ленинградтық студенттермен бірігіп ШҚО облысы жеріндегі Шілікті қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізген кезде зор тарихи - көркемөнерлік маңызы бар алтыннан жасалған көне өнер туындылары табылды. Қорғаннан барлығы салмағы 100,5 г. болатын 524 алтын зат табылды.  Барлық алтын заттардың жоғары көркемөнерлік шеберлікпен орындалғаны таңдандырады.  Әшекейлердегі барыс, қабан, қыран, қозғалыс кезінде бейнеленген бұғы - марал бейнесі айқын және шынайы бейнелеріне өте жақын етіп салынған. «Ұшқан бұғы» бейнесі халықаралық археологиялық көрмелердің символына айналып отыр.  1960 жылғы археологиялық қазбалар кезінде табылған заттардың түпнұсқалары Санкт – Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.
1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында көне көшпенділердің Берел қорғандарында қазба жұмыстары басталып, сонда жерленген ақсүйектердің моласы мен мәңгілік тоң қабатында сақталған заттардың жоғары көркемөнерлік скиф – сібір аң стилінде орындалуына сай әлемге танымал болды. Қазба жұмыстарына Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі мен Зерттеу институтының бастамасымен Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институт, Орталық Азиядағы Франция археологтары мен Лигабуе (Италия) ғылыми – зерттеу институты қатысты. Экспедицияға тарих ғылымының кандидаты, танымал археолог, ӨПИ-ның  тарих факультетінің түлегі З. Самашев басшылық жасады. Оның басшылығымен реставратор К. Алтынбеков С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-не  № 11 Берел қорғанынан табылған жылқының шерулік заттарымен әшекейленген  макетін жасады.
2009 жылы т.ғ.к. профессор Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың Қазақстанның көне тарихы бөлімінің меңгерушісі З. Самашев біздің мұражайға келесі заттарды: Батыс Қазақстан жерінде орналасқан ХІІІ ғасырға жататын Сарайшық қаласынантабылған керамика сынықтарын, кремний және темірден жасалған жебе ұштарын, сарайшық және қытай тиындарын, тұрмыстық заттарды, табақшаны, сонымен қатар б.д.д. ІV- ІІІ ғ. жататын көне түрік кезеңінің сармат көзесін сыйға тартты.

 

Add comment


Security code
Refresh